Кері

Елімізде біліктілігі жоғары техникалық мамандық иелері тапшы - дөңгелек үстел отырысы

11.11.2009 17:39

АСТАНА. Қарашаның 11-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Елімізде біліктілігі жоғары техникалық мамандық иелері тапшы. Бұл орта білімді және жоғары білімді мамандарға да қатысты қалыптасқан жағдай.

Бүгін «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Инновациялық комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Арын «Инновациялық экономикаға арналған қазіргі заманғы техникалық және кәсіби білім беру» атты тақырыптағы дөңгелек үстел отырысында осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, білім беру саласы заман талабына сай жұмыс істеуді енді ғана үйреніп келеді. Қазіргі таңда елімізде екі техникалық және қызмет көрсету саласындағы қызметкерге 10-12 жоғары білімді маманнан келеді. «Бұл мамандар дайындаудағы үлкен үйлесімсіздік және ол білікті жұмысшы кадрлар дайындауда  проблема тудырып отыр. Республиканың ауылдық аймақтарында кәсіптік лицейлер мен колледждердегі техникалық мамандық иелеріне деген мемлекеттік тапсырыс өте төмен. Оның үстіне қазір лицейлер мен колледждерде аз қамтылған, мемлекеттен қомақты көмекті қажет ететін отбасының балалары білім алуда. Сондықтан бұл бағытта мемлекет тарапынан үлкен қолдау қажет», деді комитет төрағасының орынбасары.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат