Кері

Бас прокуратура сайлау заңнаманың талаптары сақтала отырып өткендігін мәлімдеді

16.01.2012 19:19

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -  Электоралдық кампания мен дауыс беру қалыпты жағдайда өтті.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.

Азаматтардан дауыс беруге қатысу құқығын іске асыруда кедергі жасалғаны туралы өтініштер мен шағымдар түспегеніне тоқталған ресми өкіл: «Электоралдық кезеңдегі қадағалау қызметінің нәтижелері Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттарын сайлау Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптары сақтала отырып өткендігін атап көрсетуге мүмкіндік береді»,-деді.

Н. Сүйіндіковтың атап өтуінше, әрбір заңбұзушылық туралы хабарлама мұқият тексеріліп, олар расталған жағдайда бұзылған құқықтарды қалпына келтіріп, кінәлі адамдарды заңмен белгіленген жауапкершілікке тартуға бағытталған шаралар қолданылды. Заңнаманың кейбір талаптарының бұзылуы жекелеген жағдайларда орын алған және олар дауыс беру қорытындыларына әсерін тигізген жоқ.

«Азаматтардың сайлау құқықтарын өрескел бұзу фактілері анықталған жоқ»,-деп түйіндеді ол.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат