Кері

Мемлекет басшысының партиясына сенім мандатын білдіріп, қазақстандықтар жүргізіліп жатқан бағытқа қолдауларын білдірді - «Руханият» партиясы

16.01.2012 21:53

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының партиясына сенім мандатын білдіріп, қазақстандықтар кезекті рет жүргізіліп жатқан бағытқа қолдауларын білдірді.

Бұл туралы «Руханият» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары сайлауының алдын ала қорытындылары бойынша таратылған мәлімдемесінде айтылған.

 «Қазақстанда кеше Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны аяқталды.

 «Руханият» партиясы өткен сайлау әділ, ашық және әділетті болып, нағыз демократиялық негізде, қазіргі заңнама нормаларын сақтаумен өткенін мәлімдейді.

Сайлауға қатысқан саяси партиялар үшін бәсекелестік, БАҚ-қа қолжетімділік, сайлаушылардың партиялардың сайлауалды тұғырнамаларымен кеңінен танысуы үшін тең жағдайлар жасалды.

Біз дауыс беру қорытындылары партиялық-саяси кеңістіктегі күштердің нақты арасалмағын, сондай-ақ электоралдық науқанға қатысқан саяси партиялардың нақты салмағы мен беделін толығынан көрсетті деп санаймыз.

Біз Қазақстан Президенті - Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевты ол басқарған «Нұр Отан» партиясының бұл сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтаймыз. Мемлекет басшысының партиясына сенім мандатып білдіріп, қазақстандықтар жүргізіліп жатқан бағытқа кезекті рет өз қолдауларын білдірді.

 «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясына елді одан әрі нығайтуда, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған партияның сайлауалды тұғырнамасын іс жүзіне асыру ісінде табысты және жемісті жұмыс тілейміз», - деп атап өтілген мәлімдемеде.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат