Кері

Көкшетауда жеке үйдің өртенуінен 2 адам қаза тапты

17.01.2012 08:17

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат  16 қаңтарда, сағат 12. 17 минут кеткенде Көкшетау қаласында жеке үйден өрт шықты.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт 40 минуттан кейін сөндірілді.

 Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақмола облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 8 адамнан тұратын жеке құрамы мен 2 техника бірлігі жұмылдырылды.

 Өрт салдарынан 36 жастағы әйел мен 73 жастағы ер адам көз жұмды.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат