Кері

Павлодарда өрт салдарынан ер адам қаза тапты

17.01.2012 09:04

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - 16 қаңтарда, сағат 16-дан  28 минут кеткенде Павлодар қаласының Амангелді көшесіндегі 5 қабатты үйден өрт шықты.

Өрт сағат 17. 25 минут кеткенде сөндірілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

 Жалынды ауыздықтауға Павлодар облысының ТЖД  7 адамнан тұратын жеке құрамы мен өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы жұмылдырылды.

 Жалын шарпыған аумақ 2 шаршы метрді құрады. Өрттің салдарынан 33 жастағы ер адам көз жұмды.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат