Кері

«Астана» мен «Александрия» командалары арасындағы жолдастық кездесу 2:3 есебімен аяқталды

17.01.2012 10:39

АЛМАТЫ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Анталияда оқу- жаттығу жиынын өткізіп жатқан астаналықтар александриялық аяқдопшылармен жолдастық кездесу өткізді.

Онда Олег Протасов жаттықтыратын астаналықтар Украина Премьер-лигасындағы құрдастарына 2:3 есебімен есе жіберді. Ойындағы есепті  украиндықтар ашқан болатын, оны Сергей Остапенко теңестірген еді. 1-таймның аяғында украиндықтар тағы да алға шықты. Ойынның екінші жартысында  астаналықтардың тағы бір жаңа ойыншысы Душан Петрониевич есепте қайта  теңестірді. Алайда 75-ші минутта украиндықтар үшінші рет  алға шығып, қазақстандықтар қанша тырысқанымен кездесудің соңғы    15 минутында таблодағы есепті өзгерте алмады.

Астаналықтардың келесі ойынын 20-қаңтарда Молдованың Жоғары лигасында өнер көрсететін Кишинев қаласының «Цска-Рапид» командасымен өткізбек. Бас бапкер О. Протасов астаналықтардың жаңа маусымдағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын 7-қаңтарда бастаған болатын. Ол енді 21-қаңтарда өз мәресіне жетпек. Одан кейін астаналықтар аздаған үзілістен кейін мұнда тағы 2   жиындарын өткізуді жоспарлап отыр.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат