Кері

Теннис: қазақстандық А.Голубев ресейлік М.Южныйды бес партияда жеңіп кетті

17.01.2012 11:33

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Теннистен Австралияның ашық чемпионатында қазақстандық Андрей Голубев ресейлік Михаил Южныйды бес партияға созылған матчта ұтты.

 Аталмыш біріншіліктен жедел хабарлар беріп отыратын championat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, А.Голубев пен М.Южныйдың арасындағы кездесу 7:5, 6:7, 6:4, 4:6, 6:3 есебімен Андрейдің пайдасына шешілген. Әлемдік рейтингте М.Южный 35-орында болса, А.Голубев 98-орында тұр. Оның үстіне қазақстандық теннисші іріктеу сындарынан жеңіп шығып, негізгі турнирге қосылған болатын.

А.Голубев екінші айналымда рейтингте 18-орында тұрған Франция елінің өкілі Ришар Гаскемен кортқа шығады.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат