Кері

Тараздың шет аймағында бір отбасының үш мүшесі газдан уланды

17.01.2012 12:02

ТАРАЗ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тараздың шет аймағында түгелдей бір отбасы газдан уланды, деп хабарлады Жамбыл облысы бойынша ТЖД-нің баспасөз қызметі.

«Шөлдала-Химстрой» саяжайындағы үйлердің бірінде 32 жастағы әйел және оның 12 және 14 жастағы екі баласы газдан уланды», - деді ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Руслан Иманқұлов.

 Олар жедел-жәрдем бригадасымен 1-ші қалалық аурухана мен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

 Оқиға пештің ақаулығынан орын алған, деп хабарлады облыстың ТЖД.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат