Кері

ҚХЛ: «Барыс» ригалық «Динамо» командасымен кездеседі

17.01.2012 11:14

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайында елордалық «Барыс» Риганың «Динамо» командасымен кездеседі.

Атап айтқанда, «Динамо» Құрлықтық хоккей лигасындағы Батыс конференциясында 56 ұпаймен 8-ші орында тұр. Ал астаналықтар Шығыс конференциясында 65 ұпаймен 7-ші орында тұрақтады. Турнирлік кестеде қазіргі кезде  «Барыстың» жақын қарсыластары ретінде уфалық "Салават Юлаев", омбылық  "Авангард" және қазандық "Ақ Барс" командалары тұр.

Бүгінгі қарсыласымен «Барыс» 7 рет кездесіп, оның төртеуінде жеңіске жетті. Бұдан бұрын екі команда ағымдағы маусым аясында қазан айында Ригада кездескен болатын. Онда астаналықтар 5:0 есебімен ригалықтарды тізе бүктірді.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат