Кері

Кеден одағы аясында Ресейден келетін азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді - В.Мухин, БҚО

17.01.2012 13:11

ОРАЛ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Кеден одағы аясында облысқа Ресейден келетін көптеген азық-түлік өнімінің бағасы төмендеді.

 Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Владимир Мухин мәлім етті.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Оралдағы қанттың әр келісі 120 теңге. Шекара ашылғанша оның құны 200 теңге болатын. Қарақұмық былтыр 600 теңге дейін жетсе, қазір 220-280 теңге аралығында. Өткен жылдың осы уақытында картоптың әр келісі 100 теңге еді, қазір 45-60 теңге аралығында. Сүт, сұйық май өнімдері бойынша да бағаның төмендегені анық байқалып отыр. Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында батысқазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бидай, ет өнімдерімен қатар, жүн мен теріні де көрші елдерге шығаруға мүмкіндік алмақшы.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат