Кері

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 567 келісімшартқа қол қойылды

17.01.2012 14:25

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының жаңа бизнес-бастамаларды қолдауға арналған І бағыты бойынша 567 жобаға қолдау көрсетілді,

деп хабарлайды «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ баспасөз қызметі Pm.kz сайты үшін.

«2012 жылдың 4 қаңтарындағы жағдайға сәйкес, субсидиялау бойынша қол қойылған келісімшарттардың жалпы саны 567», - делінген қордың хабарламасында.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету, кәсіпкерлік әл-ауқатты күшейту бағыттары бойынша мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат