Кері

Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған 25-тен астам жерасты және жүрүсті жолдары салынады - әкімдік

17.01.2012 19:08

АЛМАТЫ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алдағы жылдары Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған 25-тен астам жерасты және жүрүсті жолдары салынады.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Осы мақсатта қазіргі таңда «Интранском» жобалау институтының мамандары арнайы бағдарлама жасауда. Жоба көліктер мен жүргіншілер арасындағы мәселелерді шешуге бағытталған.

"Біз үшін басымды сұрақ - ол жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі. Қалада жерүсті және жерасты жолдары, сондай-ақ қосымша айналма жолдардың пайда болуымен қала жолдарына түсетін салмақ пен жол кептелістері азаяды. Ол өз кезегінде қала экологиясына оң әсер ететін болады",-деді қала әкімі Ахметжан Есімов.

Жиында қала басшысы сонымен қатар, мамандарға Капшағай трассасы, Талғар қаласына және  Қалқаман ықшамауданына қарай шығатын жолдарды оңтайландыруға баса назар аударуды тапсырды.

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат