Кері

Волейбол: оралдық «Конденсаттың» ойыны түзеле бастады

17.01.2012 19:55

ОРАЛ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ХХ ел біріншілігін сүреңсіз бастаған «Конденсаттың» ойыны түзеле бастады.

Оралдықтар екі турдан кейін небәрі үш-ақ ұпаймен көш соңында қалып қойған болатын. Қазіргі кезде Өскеменде үшінші тур ойындарын өткізіп жатқан Александр Перегуда жаттықтыратын «Конденсат» волейболшылары көш басындағы «Алматы» мен «ТНК «Казхром» (Хромтау) командаларынан ұтылып қалғанымен, «Атырауды» 3:0, Петропавлдың «Есілін» 3:1 есебімен ұтты.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат