Кері

Үндістан елге ТМД елдерінің әйел өкілдері кіруін күрделендіріп жатыр

17.01.2012 20:56

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Үндістан өкіметі елге ТМД елдерінің әйел өкілдері кіруінің ережелерін күрделендіру бойынша жоспарлары туралы хабарлады, деп хабарлайды Утро.ру.

Бұл жаңалық 15-40 жас аралығындағы Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Украина елдерінің әйел адамдарына қатысты болмақ. Үндістан елінің СІМ бұл елдер аумақтарындағы өзінің дипломатиялық миссияларына тиісті ұсынысын жіберіп үлгерді.

Кіру ережелерін күрделендірудің себебі - посткеңестік республика әйелдеріне қатысты сексуалдық пайдалану оқиғаларының жиілеуі болды. Жергілікті құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, ТМД елдерінің 3,5 мыңға жуық әйелдері  Дели қаласында жезөкше болып жұмыс істеп жүр.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат