Кері

Қызылорда облысында өткен жылдың тоғыз айында 714,4 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді

18.01.2012 08:14

ҚЫЗЫЛОРДА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында өткен жылдың тоғыз айында 714,4 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді.

 Бұл туралы кеше баспасөз мәслихатын өткізген облыстық  статистика департаментінің бастығы  Бақыт Сапар мәлімдеді.

Бас қосуда  2011 жылдың қаңтар - желтоқсанында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары жөнінде сөз болды. 2011 жылдың 9 айында өндірілген жалпы өңірлік өнімнің көлемі  714,4 млрд. теңгені құрады.

Қызылорда облысы тәуелсіздік жылдарында алғашқы рет 2011 жылдың қорытындылары бойынша (алдын-ала деректер бойынша) республикадағы 6 облыс қатарында өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,1 трлн. теңгеге жеткізді. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда, шикі мұнай өндірісінің төмендеуінен, нақты көлем индексі 0,1 пайызға кеміп, 1010 млрд.теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 1,6%-ды, электрмен жабдықтау, газ, бу және ауа баптауды беруде 0,5 пайызды құрады.

         Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2011 жылы 44,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңіндегі деңгейімен салыстырғанда 2,4 пайызға төмен болды. 2011 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы тұтастай 164,0 мың гектарды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9  пайызға артық, соның ішінде дәнді дақылдар егілген жердің алқабы 87,0 мың гектарды құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 1,8 пайызға артық, картоп тиісінше 8,8 мың гектар және 13,0 пайыз көкөніс, бақшалық дақылдары, тамыр жемістілер және түйнек жемістілердің егістік алқабы 7,6 пайыз және 24,0 мың гектар.

        Дәнді дақылдарды (ұқсатудан кейінгі салмағында) жалпы жинау 2010 жылдың деңгейімен салыстырғанда 8,3 пайызға кеміп, 301,0 мың тоннаны, бақша дақылдары 10,0 пайызға  кем жиналып 116,4 мың тоннаны құрады. Сонымен қатар, 120,7 мың тонна картоп жиналып, алдыңғы жылдан 18,9% жоғары болды,  көкөніс-тиісінше 99,7 және 0,6 пайызды құрады.                                                                                                   

           2012 жылдың 1 қаңтарына шаруашылықтың барлық санаттарындағы ірі қара мал 240,6 мың  басты, тиісінше қой мен ешкі 761,0 мың бас, жылқы 67,1 мың бас, түйе 32,1 мың бас және құстар 197,2 мың басты құрады.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат