Кері

Жаңаөзен қаласында өрттің салдарынан ер адам көз жұмды

18.01.2012 08:32

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - 17 қаңтарда сағат 14. 40 минут кеткенде Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында №75 тұрғын үйдің жанында салынып жатқан үйден өрт шықты.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт сағат 17. 00 -де сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға облыстың ТЖД-ның 12 адамнан тұратын жеке құрамы мен өрт сөндіру қызметінің 2 техника бірлігі жұмылдырылды. өрттің салдарынан 45 жастағы ер адам көз жұмды.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат