Кері

Алматы облысында өрттің салдарынан 2 бала мерт болды

18.01.2012 08:47

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - 17 қаңтарда сағат 17. 20 минут кеткенде Алматы облысы Талғар ауданының Бесқайнар ауылында жеке үйден өрт шықты.

Өрттің салдарынан оқиға орнында газдан уланған 7 және 5 жастағы екі бала көз жұмды.

 Өрт көршілердің көмегімен сөндірілген. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат