Кері

Астанада ҚТЖ есептеу орталығында болған өрттен 9 адам құтқарылып, 4 адам ауруханаға жеткізілді

18.01.2012 08:08

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - 17 қаңтарда сағат 21. 56 минут кеткенде Жеңіс даңғылында орналасқан «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына тиесілі 5 қабатты «Бас есептеу орталық» ғимаратында өрт болды.

Өрт ғимараттың 1-ші қабатындағы №118-ші (вагондық диспетчер бөлмесінен) кабинеттен шыққан. ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт сағат 23. 09 минутта сөндірілді.

 Жалынды ауыздықтауға Астана  ТЖД-ның  66 адамнан тұратын жеке құрамы мен өрт сөндіру қызметінің 16 техника бірлігі жұмылдырылды. 50 адам қауіпсіз аймаққа көшіріліп, 9 адам құтқарылды.

 Өрт салдарынан 4 адам газдан уланып, ауруханаға жеткізілді.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат