Кері

Азық-түлік тұрақтандырма қоры көкөністердің бағасын төмендетті - ШҚО

18.01.2012 11:32

ӨСКЕМЕН. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - ШҚО азық-түлік тұрақтандырма қоры көкөністің бағасын біршама төмендетті.

Қаңтардың ортасынан бастап базарларға күзге сақталған көкөністер түсе бастады. Сонымен қатар ірі қалаларда жексенбі күндері жәрмеңкелер ұйымдастыру өз жалғасын тапты.

 «СПК Ертіс» АҚ төрағасының орынбасары Дархан Құсайыновтың айтуынша, тұрақтандырма қоры азық-түліктің 10 түрі бойынша құрылды. Қарақұмық жармасы, күріш, қант, сұйық май, картоп, пияз, сәбіз, қызылша және қырыққабат белгіленген баға бойынша сатып алынып, сақтауға берілді.

 Көкөністік интервенция наурыз айына дейін жалғасады.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат