Кері

Облыстық соттарда бір аппеляциялық сот алқасының орнына екі аппелляциялық сот алқасын құру ұсынылады

18.01.2012 12:35

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды.    

ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Бектас Бекназаровтың айтуынша, заң бүгінгі заман талабына сай келетін сот билігін құруға бағытталады. Ал заң жобаларын әзірлеу барысында азаматтар мен заңды тұлғалардың өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сот арқылы қорғалуын барынша толық қамтамасыз ету бағыты ұсталған. Бұл ретте аталған құжат бірқатар ұсыныстарды іске асыруға бағытталады. Атап айтқанда, облыстық соттарда бір аппеляциялық сот алқасының орнына екі аппелляциялық сот алқасын құру ұсынылады. Оның бірі азаматтық және әкімшілік істер бойынша алқа, екіншісі қылмыстық істер бойынша алқа болып табылады. Бұдан бөлек, облыстық соттың төрағасына кассациялық сот алқасын басқару жөніндегі өкілеттіктер беру ұсынылады. Судьялардың тәртіптік-біліктілік алқалары, олардың өкілеттіктері Сот қазыларына беріле отырып, Қазақстанның Жоғарғы Сот Кеңесінің кәсіби судьялар корпусын қалыптастыру мәселелеріндегі рөлі күшейтіледі.

«Мемлекет басшысы өткен жылы Парламенттің сессиясын ашқанда осы мәселелерге оралып, жергілікті соттардың рөлін арттыратын, Жоғарғы соттың қадағалау функцияларын ұлғайтатын, қадағалау сот процесін қарапайымдандыру мен әділ сот тәжірибесіндегі негізсіз әуре-сарсаңдарды жоюды көздейтін сот жүйесін нығайту жөніндегі бірқатар заң жобаларын қарастыру қажеттігіне баса назар аударған болатын. Заңға қатысты нақ осы талаптар ескеріліп, сот құрылысы мен сот ісін жүргізуді реттейтін мәселелерге ерекше көңіл бөлінді», - дейді Жоғарғы Сот Төрағасы.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат