Кері

Допты хоккей: «Ақжайық» биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

18.01.2012 13:25

ОРАЛ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Кеше допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасының екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында Димитровградтың «Черемшанын» қабылдады.

Александр Ионкин жаттықтыратын оралдықтар 8:5 есебімен жеңіске жетті. Айдын иелерінен Петр Грибанов 3, Ескендір Нұғманов пен Дмитрий Пономаренко екі доптан, Еламан Әліпқалиев бір гол соқты.

Қос команда бүгін қарымта кездесуін өткізеді.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат