Кері

Оңалтудан өтетін әрбір 10-кәсіпкер бұрмалаушылыққа кезігеді -

18.01.2012 13:49

АЛМАТЫ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  "Ақ жол" партиясы оңалтудан өтетін кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субъектілерін жоюды алдын алуға бағытталған қаржылық сауықтыру бойынша 

 дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру барысындағы күрделі мәселелерді енді Парламент қабырғасында көтермек. Бұл жайлы партияның Алматы қалалық филиалы  жетекшісінің орынбасары Дәурен Сәкен бүгін баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

"Ақ жол" еліміздегі бәсекеге қабілетті экономиканы құруға атсалысады.  Партиямызда 20 мыңнан астам кәсіпкер бар.  Сол себептен шығар, бізді кәсіпкерлер, өндірісшілер  партиясы деп атайды. Оңалтудан өтетін әрбір 10-кәсіпкер заңсыз бұрмалаушылыққа кезігеді. Осыған орай біз бүгін  бұл  мәселеге қатысты "Жетісу" банкроттық тәртітін кәсібіи басқарушылар одағы мен Меншік құқығын қорғау одағының мәлімдемесіне қолдау көрсетіп отырмыз", - дейді  Д. Сәкен.  Оның айтуынша, ҚР Парламент Мәжілісінде тіркелген  партияның  8 кандидаты енді аталмыш мәселелерді заң шығарушы органда көтеріп, оң нәтижеге жетуге  атсалысады.

Мәлімдемеде тараптар ҚР Қаржы министрлігіне «Банкроттық мәселелер бойынша ҚР Кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына мемлекеттік органдарға оңалту рәсімінен өтіп жатқан кәсіпорындардан қаржылық сауықтыру мерзімін толығымен аяқталмайынша лицензияларды және басқа да рұқсат беруші құжаттарды алу бойынша шаралар жүргізбеуіне тыйым салатын норманы енгізу жөнінде ұсыныс жасаған.  ҚР Жоғары сотына  оңалту рәсімі борышкердің қаржылық жағдайын сауықтыруға бағытталғаны және сот құжаты негізінде қабылданатыны туралы мемлекеттік органдар арасында түсіндіру жұмыстарын өткізуге  өтініш білдіріліп отыр. Сондай-ақ Байланыс және ақпарат министрлігіне қалааралық және халықаралық байланыс операторлары нарығында бәсекеге қабілеттілікті дамыту және экономиканың телекоммуникациялық сегментіндегі субъектілердің шағымдары бойынша объективті шешім шығару шараларын қабылдау туралы да өтініш жасалған.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат