Кері

Өскемендегі жаңа апат: өткендегі апат орнындағы құбырдың жарылуы

18.01.2012 16:24

ӨСКЕМЕН. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскемендегі бұған дейін апат болған жерде суық суы жүретін құбыр жарылып кетті.

Оның себебі анықталып жатыр, бірақ «Өскемен-Су арнасы» компаниясы мамандарының есептеуінше, бұған «ауа температурасының қатаюы» себеп болуы мүмкін, өйткені жақында үш күн бойы құбырлар ашық қалды, бұл жерде дәнекерлеу жұмыстары жүргізілген, ал түнде 32 градус қатты аяз болды. 

 «Құбырдың жарылуы апатын жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 18 қаңтардағы сағат 17-ге қарай апаттың барлық салдарын жою бойынша барлық күштерімізді салып отырмыз. Оған барлық күштер жұмылдырылған», - дейді коммуналдық кәсіпорын директоры Ержан Әубәкіров.

14 қаңтар күні болған апатты жоюда «Өскемен-Су арнасы» кәсіпорны бірқатар жұмыстар жүргізгендігін атап өту керек. Олар мұнай базасы мен Әуежай аудандарында, Октябрь ауылының небары 10 үйінде ғана суды өшіріп тастауға мүмкіндік берді. Сонда бұған дейін болған апат кезінде қаланың тек Үлбі ауданындағы 40 мыңға жуық өскемендіктер, соған қоса Студенттік қалашық, Октябрь ауылы, Тәуелсіздік даңғылы және тағы басқалары суық сусыз қалып отырған. 

Қала әкімі Ислам Әбішев бүгін құбыр жарылған орында бірнеше рет болған, «Өскемен-Су арнасының» басшылығы оған әрбір 30 минут сайын жағдайды баяндап отыр,  деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен. Қалалықтарға суды жеткізу мәселесі әкімнің тікелей бақылауына алынған.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат