Кері

«Белавиа» «Минск-Астана» бағдары бойынша сапарларының жиілігін үш есеге дейін көбейтеді

18.01.2012 20:23

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат -  «Белавиа» Ұлттық әуе компаниясы қаңтардың 23-інен бастап «Минск-Астана-Минск» сапарларының орындалу жиілігін аптасына үш ретке дейін көбейтеді, деп хабарлады БЕЛТА тілшісіне БР-ның көлік және коммуникациялар Министрлігінің баспасөз қызметінде.

Он жыл бойы бұл сапарлар тек қана маусымдық болып, жазғы кезеңде ғана атқарылды. 2011 жылдың қыркүйегінен бастап «Минск-Астана-Минск» сапары жыл бойы атқарылып, аптасына екі рет ұшатын болды. Енді бұл сапарлар аптасына үш рет орындалады.

 «Әрбір ай сайын аталмыш бағдар бойынша жолаушылар саны айтарлықтай көбеюде. Жолаушылар сұранысын қанағаттандыру үшін, сондай-ақ Минск Ұлттық әуежайы арқылы транзиттік ағынды дамыту үшін сапарлар жиілігін көбейту туралы шешім қабылданды. Бұл сонымен қатар Бірыңғай экономикалық кеңістіктің дамуымен де байланысты», - деп ақпараттандырды баспасөз қызметінде.

Атқарылатын сапарлар санын өсіру Астана әуежайларынан Минск арқылы Еуропа қалаларына және одан кері ұшудың бұдан да ыңғайлы түйісулеріне септігін тигізеді.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат