Кері

Волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының 3-турында 2 команда ғана жеңіліссіз келе жатыр

19.01.2012 11:47

АЛМАТЫ. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Волейболдан Астанада Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында өтіп жатқан  ХХ Қазақстан чемпионатының 3-турында да «жетісулықтар» турнир кестесінде көшбасшылық тізгінді ешкім берер емес.

  Алғашқы 3 кездесудің қорытынды бойынша қазір Алматы («Жетісу») мен Қарағанды облыстарының («Қарағанды») спортшылары ғана жеңілссіз келе жатыр. Жетісулықтар Павлодар облысының «Ертіс-Қазхром» мен алаң қожайындарының «Астана» командаларын 3:0 есебімен ұтты. Ал қарағандылықтар алматылықтар («Алматы») мен өскемендіктерді («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») 3:1, теміртаулықтарды («Металлург АМТ») 3:2 есебімен ұтты. Бүгін енді жеңіліссіз келе  жатқан екі команданың арасындағы жеңімпаз белгілі болады. Онда қарағандылықтарға қарағанда жетісулықтардың мүмкіндігі мол. Өткен маусымда ел чемпионы атанған Алматы облысының  волейболшылары биылғы жылды сәтті бастады. Бүгін сондай-ақ  «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» пен «Алматы», «Ертіс-Қазхром» пен «Астана» командалары да өзара күш сынасады.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат