Кері

Қазақстан мен Германия энергия үнемдеу саласында бірлескен жобаны бастады

19.01.2012 14:03

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанада «Қазақстандағы көппәтерлі үйлердің энергия үнемдеу менеджменті» оқыту курсы» атты Қазақстан мен Германияның бірлескен жобасы басталды.

«Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Бөксікбаевтың хабарлауынша, «Шығыс Еуропадағы тұрғын-үй шаруашылығы» қауымдастығы мен екіжақтың мемлекеттік органдары әзірлеген жобаның басты мақсаты - энергия үнемдеу салсындағы мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдап, оларды қайта даярлау. «Сондай-ақ осы жоба аясында арнайы оқыту курсын Қазақстандағы жоғары оқу орындарына енгізу жоспарланып отыр», - деп атап көрсетті ол.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат