Кері

Costa Concordia-да хабар-ошарсыз жоғалып кеткен неміс әйел тірі табылды

19.01.2012 18:11

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Costa Concordia круиздік кемесі апатының салдарынан хабар-ошарсыз жоғалып кетті деп есептелген Германия азаматшасы Гертруда Гёргенс тірі және дені сау, деп хабарлады итальяндық БАҚ итальяндық Гроссето қаласында апаттан кейін префектурада құрылған дағдарыстық орталық мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Утро.ру хабарлағандай, әйел Германияда жүр, оның есімі хабар-ошарсыз жоғалып кеткендердің тізімінде бар екендігін білген ол мұндағы жергілікті құқық қорғау органдарына келді.

Costa Concordia кемесі Тиррен теңізінде Джильо аралына жақын жерде Тоскана итальяндық облысының жағалауында 14 қаңтар түнінде апатқа ұшырады. Кеменің бортында 4,2 мыңнан астам адам болған. Қазіргі сәтте 11 адам бұл жан түршігерлік оқиғаның құрбандары болды, олардың төртеуінің кім екендіктері әлі анықталған жоқ.

Гроссето префектурасының сайтына сәрсенбі күні кешке орналастырылған тізімге сәйкес, тағдырлары туралы ештеңе белгісіз тағы 26 жолаушы мен экипаж мүшелері бар. Жоғалғандар арасында, соңғы ақпарат бойынша, Германияның 12 азаматы, төрт француз, алты итальяндық, екі АҚШ азаматы, сондай-ақ бір перуандық және бір үндіс бар.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат