Кері

СҚО-да 24 инвестициялық жобаны іске асыру аясында 3200 жұмыс орны құрылады

20.01.2012 14:42

ПЕТРОПАВЛ. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысында 24 инвестициялық жобаны іске асыру аясында қосымша 3200 жұмыс орны құрылады.

Облыстық кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасының мәліметтері бойынша, 2010 жылдан бастап СҚО-да индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру аясында 30,6 млрд. теңгеге 24 инвестициялық жоба іске асады.

Бұл өз алдына шамамен 3,2 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Оның 1,5 мыңы тек нысандардың құрылыс кезеңінде қажет болады. Жобаларды көбісі - ауыл шаруашылығына байланысты.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат