Кері

БҚО-да тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысушылар саны көбейіп отыр

21.01.2012 13:01

ОРАЛ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда 2011-2014 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында алғашқы үй бой көтерді.

«Астана» шағынауданында салынған бес қабатты, 90 пәтерлік үйдің әр шаршы метрінің құны - 90 мың теңге. Аталмыш бағдарлама операторы «Қазақстан тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» БҚО филиалы аталмыш үйден пәтер алуға үміткерлерден 180 өтініш қабылдаған.

Филиал директоры Қуанышбек Хамзиннің айтуынша, бағдарламаға қатысамын деуші батысқазақстандықтар қатары көбейіп отыр. Айталық, өткен 2723 жаңа салымшы тартылған, бұл 2010 жылғыдан 16 пайызға көп. Бұл ретте жалпы шарт сомасы 8,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылғы көрсеткіштен 62 пайызға артық.

Биыл облыста кемінде тағы төрт үй салу жоспарланып отыр.

Жалпы, елімізде тұрғынүйқұрылысжинақ жүйесіне қатысушылар саны 267 мыңнан асса, БҚО-да 9 мыңнан астам.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат