Кері

Қазақстанда жыл сайын 6 млн. шаршы метр тұрғын үй аумағы пайдалануға берілетін болады

23.01.2012 13:00

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын елімізде 6 млн. шаршы метр тұрғын үй аумағын пайдалануға беруді көздеп отыр,

 деп хабарлайды pm.kz сайты.

 Қазіргі уақытта Мемлекеттік тұрғын үй-құрылыс бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламаның алдында 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылған.

 «Біз тұрғын үй құрылыс бағдарламасын жүзеге асырдық. 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша 19,7 млн. шаршы метр аумақтағы үйлер пайдалануға беріліп, 535 мыңға жуық қазақстандық баспана мәселесін шешті», - деп мәлім етті еліміздің Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «Нұр Отан» партиясының парламенттік фракциясының отырысында.

 2011 жылдың қаңтар-қараша айларында 2008-2010 жылдарға арналған Тұрғын үй-құрылыс бағдарламасы бойынша жалпы аумағы 233,3 мың текше метр болатын үйлер пайдалануға берілген.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат