Кері

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша берілген несиелер «Пахомдық диірмендерді» жаңартуға мүмкіндік берді - Павлодар облысы

26.01.2012 08:07

ПАВЛОДАР. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен берілген несиелерге сатып алынған жаңа итальяндық наубайханалық жабдықтар

«Пахомдық диірмендер» ЖШС-не өндірістік қуаттылықты көбейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді, деп хабарлады Павлодар облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында.

 Жеңіл несие, сондай-ақ «БЖК» бағдарламасы бойынша кәсіпорын 5 автокөлік сатып алып, нанның әлеуметтік мекемелерге жедел жеткізілуін түзеді.

 «Пахомдық диірмендер» - аймақта аураханаларға, балабақшаларға, интернаттарға нан-тоқаш өнімдерін әлеуметтік бағамен әкелетін ірі жеткізуші.

 Фирма бидай сапасына жоғары талаптар қояды. Астықтың ұнға айналуының бүкіл процесі жеке аттестациялаудан өткен өндірістік зертханасымен қадағаланады. Жоғары сапаның орнықты үйлесуі, қолжетімді баға, ыңғайлы бөлшектеп өлшену фирмаға «нан» нарығында 15 жыл бойы сенімді жүруге мүмкіндік беріп отыр.

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат