Кері

Президент кубогы: Қазақстан құрамасы Тәжікстан футболшыларын қапыда қалдырды

26.06.2015 01:32

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті кубогының үшінші ойынында 17 жасқа дейінгі жастардан құралған Қазақстан құрамасы Тәжікстанның 16 жасқа дейінгі жастардан тұратын құрамасын 2:1 есебімен жеңді, - деп жазады Sports.kz.

Әуелі Қазақстан құрамасының қақпасынан Рамза Амрахонов саңылау тапқан еді. Екінші таймда Самат Бортай есепті теңестірді. Ойын тең аяқталуға шақ қалған, олай болғанда жеңіс тәжік командасының қоржынында кеткендей еді. Осы тұста төреші қосымша 5 минут уақыт тағайындады.

Қонақтардың жарты алаңына асырылған допқа талас кезінде қазақстандық құлап түсіп, осы үшін төреші айып добын белгіледі. Ерхан Таласбаев 11 метрлік айып добын қарсылас қақпасына дарытып, жерлестеріміз жеңіске жетті.

Осы жеңістің арқасында Қазақстан футболшылары қола медаль үшін таласқа түседі. Қарсыласы ­­­- Грузия құрамасы (U-17).

 

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат