Кері

Астанада түркі әдебиет институттарының басшылары бас қосты

05.10.2015 19:00

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен түркі дүниесі әдебиет институттарының басшылары Астанада бас қосты.

Түркі әлемінің Ұлттық ғылым академиялары одағы шеңберінде өткен жиынға Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, Низами атындағы Әдебиет институтының директоры Иса Габиббейли, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Абдылдажан Акматалиев, Түрік тілі қоғамының төрағасы Мустафа Качалин, ҚР ҰҒА академигі Сейіт Қасқабасов, Татарстан Ғылым академиясы Ғ.Ибрагимов атындағы Тіл, әдебиет және өнер институтының директоры Ким Минуллин, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижан қатысты.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Астанада өткен Түркі кеңесінің 5-ші саммитінде берген тапсырмасы бойынша қолға алынып жатқан «Аталар мирасы» ғылыми жобасы, сонымен қатар «Ортақ түркі әдебиеті» оқулығының тұжырымдамасы талқыланды. Аталған жобаларды іске асыру үшін әдебиет институттары арасында әріптестік жөніндегі келісім жасалды.

Айта кету керек, бұған дейін Халықаралық Түркі академиясы «Ортақ Түркі тарихы» оқулығын әзірледі. Оқулық үстіміздегі жылдың 11 қыркүйегінде өткен Түркі кеңесі Мемлекет басшыларының бесінші саммитінде жоғары бағаланды. Академия осы игі бастаманы жалғастырып, түркі халықтарына ортақ әдебиет пен география оқулықтарының жалпы нұсқасын дайындауда.
Астанада түркі әдебиет институттарының басшылары бас қосты Астанада түркі әдебиет институттарының басшылары бас қосты

 

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат