Кері

Елордада Эла Гандидің дәрістері өтіп жатыр

01.09.2016 16:50

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде Махатма Гандидің немересі Эла Ганди дәріс оқыды.

Оқу орнының ұжымы мен студенттері алдындағы дәрісін қақтығыстарды  зорлық-зомбылықсыз шешу тақырыбына арнады.

 «Қазіргі әлемнің маңызды мақсаты - ол қақтығыстарды шешуде зорлық-зомбылықсыз әдістерді енгізу болып табылады. Қазіргі буын пайда боларға дейінгі бірталай уақыт бұрын зорлық-зомбылық өте жиі көрініс білдірген еді. Осы ретте біреуге күш көрсету қақтығысты шешудің жалғыз жолы ретінде қарастырылатын. Зорлық-зомбылыққа тап болған кезде, әрқайсымызда өшпенділіктің сезімі оянады және біз сол кезде кінәлі адамнан құтылсақ, жауыздық өздігінен жойылады деген ойға келеміз. Алайда, жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, бұл тұжырым дұрыс емес»,-деді Э Ганди.

Белгілі болғандай, 2 қыркүйекте  Эла Гандидің Назарбаев Университетінде, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде әйелдер құқығы мен білім беру саласына қатысты дәрістері өтеді деп күтілуде.

Айта кетейік,  ол 29 тамызда Астанада өткен Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толуына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясына қатысу үшін келген болатын. Э. Ганди өзінің өмірін бейбітшілік үшін күрес бағытына арнаған белсенді.

 

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат