Кері

Түрікменстанда Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы комитеті құрылды

20.06.2017 01:52

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет отырысында Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухаммедов Халықаралық Аралды құтқару қоры (ХАҚҚ) атқарушы комитетінің құрылымын құру және бекітумен байланысты бірқатар құжаттарға қол қойды. Аталмыш қор Түрікменстанның 2017-2019 жылдары ХАҚҚ-на төрағалығы аясында құрылған, деп хабарлайды ТУРІКМЕНақпарат.

Жаңа құрылым Арал теңізі бассейніндегі экологиялық жағдайды оңалтуға бағытталған бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру мен сараптама жүргізуді бақылау, Арал теңізі бассейнінің проблемалары бойынша, ХАҚҚ-ның президенті мен басқармасы, құрылтайшы мемлекеттердің басшылары кеңесінің шешімдерін іс жүзінде жүзеге асыруды қамтамасыз ету, ХАҚҚ-нің құрылтайшы мемлекеттерінің аймағында орналасқан Арал бассейніндегі экологиялық және әлеуметтік жағдайды оңалтуға атсалысушы арнайы агенттіктер мен қорлардың және жеке өзінің филиалдарының қызметін үйлестіру, ХАҚҚ-ның Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссиясы мен Тұрақты даму жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қызметіне қолдау көрсету, өңірдегі елдердің министрліктері мен ведомстволарымен, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен, донор елдермен, экологиялық және өзге де қорлармен қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша қызметін жетілдіру бағытында ынтымақтастықты қалыптастыру, ХАҚҚ қызметін қамтамасыз етуге бағытталған қаржылық және өзге де құндылықтарын бақылау мен оның жобаларын жүзеге асыру және оны мақсатты пайдалануға бағытталған. 

ХАҚҚ Атқарушы комитетінің өзге де функцияларына қордың құрылтайшы мемлекеттеріне ақпараттық-сараптамалық материалдарды ұсыну, ақпараттық және редакциялық баспа қызметін жүзеге асыру, ХАҚҚ басқармасы мен құрылтайшы мемлекеттердің басшылары кеңесінің мәжілістерін ұйымдастырып, олардың материалдарын дайындау, ХАҚҚ қызметімен байланысты тақырыптар бойынша конференциялар, симпозиумдар мен семинарлар ұйымдастыру кіреді.

Бердымухаммедов «Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитеті туралы» ережені бекітіп, қордың төрағасы етіп Түрікменстанның Ауыл және су шаруашылығы министрінің құрылыс жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келген Гуйзгелди Байджановты тағайындады.

 

 

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат