Кері

Мысыр ОПЕК келісіміне қосылудан бас тартты

13.10.2017 14:51

АСТАНА. ҚазАқпарат - Египет ОПЕК және тағы басқа бірқатар елдердің мұнай өндіруді қысқарту бойынша келісіміне қосылуды жоспарлап отырған жоқ, деп мәлімдеді елдің премьер-министрі Шериф Исмаил.

Оның айтуынша, Мысыр  ОПЕК + келісіміне қосылмайды, себебі бұл ел ештеңе экспорттамайды, ал өндірілген шикізаттың негізгі бөлігі жергілікті мұнай өңдеу зауыттарында қолданылады, деп хабарлайды РИА «Новости».

«Бізде экспорттайтын тауарлардың бөлігі аз және ол нарыққа әсер етпейді. Жеткізу көлемін азайту туралы айтатын болсақ, бұл бір миллион немесе екі миллион баррельді экспорттайтын елдерге қатысты», - деді премьер.

 

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат