Кері

Төрт ақмолалық ұстаз «Үздік педагог-2017» республикалық байқауының жеңімпазы атанды

13.10.2017 15:20

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Үздік педагог-2017» республикалық байқауының жеңімпаздары құттықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 5 қазан күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Б.Сағадиевтің қатысуымен  «Үздік педагог-2017» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Жеңімпаздар арасында Ақмола облысынан барған Көкшетау қаласындағы №11 «Арай» балабақшасының музыкалық жетекшісі Калиева Әсел Өтегенқызы, № 17 мектеп-гимназиясының биология және химия пәндері мұғалімі Серік Кошанов, Степногорск қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы № 6 гимназия- мектебінің биология пәні мұғалімі Александр Кинцель жəне Щучинск қаласындағы жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Антон Лазорский бар.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Үздік педагог-2017» республикалық байқауының жеңімпаздары құттықталды.

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат