Кері

Лондонда террористік әрекетке қатысы бар деген күдікпен 14 жастағы қыз ұсталды

15.11.2017 01:33

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонда террористік әрекетке қатысы бар деген күдікпен 14 жастағы қыз ұсталды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Агенттіктің жазуынша, бұл туралы хабарды Скотленд-Ярд-тың баспасөз қызметі таратқан.

«Қыз бала Лондонның оңтүстік бөлігінен ұсталды және оған теракт ұйымдастыру ісіне көмектесті деген күдік келтіріліп отыр»,-делінген хабарламада.

Осы кезде қыз бала қамауда отыр.

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат