Кері

Елордада «Сергек» жүйесі іске қосылғалы жол-көлік оқиғалары азайды - әкімдік

15.11.2017 03:00

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада кешенді жүргізілген іс-шаралар мен «Сергек» жобасын енгізудің арқасында жол-көлік оқиғаларының саны азайды, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қалалық әкімдігі аппаратының отырысында қалалық ІІД-нің бастығы Амантай Әубәкіров қарашаның 4-і мен 10-ы аралығында қала жолдарында 7 жол-көлік апаты болғандығын жария етті. Оның салдарынан 70 адам түрлі дене жарақаттарын алып, біреуі көз жұмды.

Осы аралықта қоғамдық орындар мен көшелерде 61 қылмыс тіркелген. (өткен жылдың салыстырмалы кезеңінде 170 оқиға).

 

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат