Кері

ОҚО-да мемлекеттік қызметшілер біліктіліктерін арттыруда

15.11.2017 03:32

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында 100-ден астам қызметкер білімін жетілдіріп жатыр. Олардың 40-ы басшылық лауазымға жаңадан тағайындалса, өзгесі алты ай аралығында жұмысқа орналасқандар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық курсында мемлекеттік қызметшілер өздеріне артылған жауапкершілік жүгін сезініп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясындағы міндеттерімен терең танысуда. Қазақстан заңнамаларын терең меңгеріп, қызмет этикасына қанығып жатыр. Екі апталық оқу мерзімінде мемлекеттік қызметшілерді жемқорлық әрекетінен алшақ ұстау қағидаттары да басшылыққа алынады.

Айта кетерлігі, тәлім алушыларға осындай маңызды оқулардың барлығы бір орталықта емес, әртүрлі орындарда сабақ ретінде оқытылуда. Осындай семинардың бірі Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық ғимаратында өтті. Онда жас мемлекеттік қызметкерлерге ұлтаралық татулықты сақтау үшін қандай мәселелерге мән беру керектігі де түсіндірілді.

 

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат