Кері

Женевада әлемді қарусыздандыру мәселесі талқыланды

14.02.2018 06:12

АСТАНА. ҚазАқпарат - Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігі Лондон университетімен бірлесе, «Қарусыздандыру және жаңа қару технологияларын дамыту: сындары мен мүмкіндіктері» тақырыбында жиын өткізді. Оған студенттер және дипломатиялық миссия өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараның ашылуында, Женевадағы Қазақстан Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова жасанды интеллектіні және кибер қауіпсіздік мәселерін дамыту, сонымен қатар, заманауи ядролық қарулар жүйесін жаңғыртумен байланысты жаңа сындарға қарсы әрекет етуге арналған халықаралық шараларды қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Соның ішінде, Тұрақты өкілі 2018 жылғы 18 қаңтарында өткен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сөз сөйлеуін белгілеп, соған сәйкес

«ғылыми-технологиялық прогрестің қазіргі мүмкіндіктері және жаһанданудың шынайы болмысы жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау міндетін адамзаттың аман сақталып қалу мәселесіне айналдырып отыр». Сол себепті, жаппай қырып-жою қаруларының жаңа түрлерін жасау үшін ғылыми ашуларды қолдануға тыйым салу бойынша халықаралық құжаттарды әзірлеп, міндетті орындау маңызды болып келеді. «Әлем. XXI ғасыр» манифестінде аталып өткендей, БҰҰ жаппай қырып-жою қаруын жасауға және оны жетілдіру үшін қолдануы мүмкін ғылыми ашулардың есебін жүргізу бойынша тізілім құру қажет.

Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің бас директоры, Қарусыздандыру бойынша конференцияның бас хатшысы Майкл Мёллер келешектегі дау-жанжалдардың сипатын өзгертетін жаңа технологияларды зерттеудің және олардың әсер етуінің уақытылығын атады.

Жиынға шақыртылған атақты сарапшылар қатысушыларға дүниежүзінің жетекші елдеріндегі әскери-өндірістік кешендерден қабылданған соңғы ғылыми өңдеулер саласындағы қазіргі заманғы тенденциялар жөнінде айтып, сонымен бірге қарусыздандыру және таратпау режимінің потенциалды сындарын бағалады.

Қарусыздандыру бойынша конференция жанындағы Бразилия Елшісі Гульерме Патриота қарусыздандыру саласындағы өз елінің бастамалары мен жаңа технологиялардың дамуына деген амалдарын атап өтті.

Пагуош ғалымдары қозғалысы Женева бөлімшесінің директоры Сергей Бацанов ядролық қаруды жаңғыртудан, әлемге қауіп туып отырғаны туралы ескертті.

Сонымен қатар, ол Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі саяси сенімдегі халықаралық өмірге қайта оралу және жүйелік диалогтың қажеттілігі туралы сөзін арнайы бөліп көрсетті.

ҚК жанындағы Германия Тұрақты өкілдігінің орынбасары Торальф Пильц және Қарусыздандыру мәселерін зерттеу бойынша БҰҰ Институты директорының міндетін атқарушы Керстин Вигнард суық қарудың автономдық жүйесін дамыту және аталған саланы реттеу бойынша бар ұсыныстар мәселелерін сипаттап берді. Дегенмен, К. Вигнард пайымдауынша, жаңа технологиялар әрдайым жаңа күдіктіліктерге потенциалды және екіталай болады, бұл өз кезегінде жүйенің толықтай әлсіздігіне әкеледі.

Барлық қатысушылар бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін салдар прогресінің әсері жөніндегі өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік бергеніне Қазақстанға алғыс білдірді. Осы пікірталастың қарусыздандыру және таратпау режимін нығайтып, оны реттеу механизмдерін өңдеуге себеп болатындығына сенушілік білдірілді.

Іс-шараға Лондон университетінің шамамен 120 студенті, мемлекет-мүшелердің өкілдері мен БҰҰ байқаушылары қатысты, олардың арасында ғылыми-зерттеу институттар мен үкіметтік емес ұйымдардың сарапшылары бар.

 

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат