Кері

Ченду- Достық-Лодзь бағдарында жүк тасымалының көлемі артты

14.02.2018 06:57

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпанның алғашқы онкүндігінде жүк айналымы өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,5 пайызға өскен. Жүк тиеу көлемі 1,8 пайызға көтерілген. Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда астық тасымалы 11 пайызға көтерілді. Оның ішінде елішілік бағдарға 50,5 мың тонна болса, 139,7 мың тонна сыртқа шығарылған.

Ұн өнімдерін тасымалдау  өткен жылмен салыстырғанда 97% құрады. Ұн өнімдерін тасымалдаудың азаюы, нарықтың ұн өнімдеріне сұранысы азаюы мен Ауғанстанда ұнның бағасының төмендеуі әсерінен болып отыр.

Әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы көмір тиеу көлемі өткен жылғы жылу беру маусымына қарағанда сегіз пайызға өсті.

Импорттық бағдардағы жүк тасымалдау көлемі 1,5 миллион тонна құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 16 мың тоннаға жоғары көрсеткішті құрады.

Экспорттық бағдардағы жүк көлемі 8,3 миллион тонна құрады. Қытаймен шекара өткелінде Қытайдан 26 %,  Өзбекстанға - 58 %, Ақтау порты арқылы 27% өсті.

Жыл басынан бері Қазақстан аумағы арқылы 361 контейнерлік пойыз өтті. Оның ішінде Қытай- Еуропа бағдарына 135 пойыз, кері қарай Еуропа-Қытай бағдарына -109 пойыз  өтті.

Ченду- Достық-Лодзь бағдарында да өсім байқалады.

 

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат