Кері

Қазақстанның 5 қаласында ауа сапасы төмендейді

14.02.2018 07:43


АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 ақпан, сәрсенбі күнгі метеорологиялық жағдайлар Қазақстанның 5 қаласының атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қолайсыз метеожағдайлар Ақтөбе, Астана, Атырау, Ақсай, Орал қалаларында ауада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді.

Алматы, Ақтау, Жаңаөзен, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Петропавл,Талдықорған, Тараз, Өскемен, Шымкент қалаларында метеожағдайлар ауада ластаушы заттардың таралуына жағдай жасайды.

Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар, атап айтқанда, желсіз ауа, баяу жел, тұман, инверсия әсерін тигізеді.

 

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат