Кері

Дубайда жүргізушісіз әуе таксиі шығарылады

14.02.2018 08:00

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дубай әуе кеңістігінде жуық арада көліктің ерекше түрі - жүргізушісіз басқарылатын таксилер пайда болады. 6-шы Бүкіләлемдік үкіметтік саммитте осындай жоба таныстырылды, деп хабарлайды ТАСС.

Шараға 140 елден келген 4 мыңнан астам делегат қатысуда. Таксидің жаңа түрін шығару бастамасын Германияның Volocopter компаниясына ынтымақтастық жасауды ұсынған Дубай жол және көлік басқармасы көтерді.

Жоба авторларының айтуынша, Дубайдың әуе таксилері - көліктің экологиялық таза түрі. Ол электрмен жұмыс істейтін болады. Жобаға сәйкес, ұшу ұзақтығы 30 минуттан, жылдамдығы сағатына 100 километрден, ал биіктігі 2 мың метрден аспайды.

Әуе таксилерін шығару Дубай билігінің қоғамдық өмірге соны технологияларды енгізу жөніндегі ауқымды жоспарының құрамдас бөлігі болмақ.

Бұдан бұрын БАӘ премьер-министрі және Дубай әмірі шейх Мұхаммед бин Рәшид әл-Мактум 2030 жылға қарай қаладағы өздігінен жүретін көлік құралдары 25%-ға жететінін мәлімдеген болатын.

 

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат