Кері

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсететін орталық ашылды

17.04.2018 07:34

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталықтың салтанатты ашылуына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова қатысып, мұндай орталық мүмкіндігі шектеулі жандар үшін аса пайдалы екенін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, инклюзивті жобалау орталығы «ELAMAN» әлеуметтік инновациялық жобалар қоғамдық қорының» төрағасы мен қоғам белсендісі Алмас Ержанның бастамасымен құрылған.

«Барлық құқық қорғаларда қандайда бір кемсітудің элементтері болмауы тиіс. Менің ойымша, орталық жаңа идеялар мен көзқарастарды қалыптастыратын тағы бір орынға айналады», - деді Светлана Жақыпова.

Өз кезегінде, іс-шараның ашылу салтанатында Алмас Ержан Орталықтың алдында атқарылатын үлкен міндеттер тұрғанын атап өтті.

«Біз команда жинадық, кеңсені жалға алып, мүгедектердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оны жөндеуден өткіздік. Бұл ұзақ мерзімді жоба және бізде көптеген жоспарлар бар. Атап айтқанда, сапаршыларды даярлайтын курстар ұйымдастырамыз, қолжетімді ортадағы волонтерлерді дайындаймыз, әлеуметтік кәсіпкерлікке қатысқысы келетіндерге тәжірибеден өтуде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тегін заңгерлік кеңестер береміз», - деді Алмас Ержан.

Аталған орталық мемлекеттік органдар және компаниялармен біріге отырып, әртүрлі санаттағы мүгедектерді психологиялық даярлау және ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу мақсатында кешенді сүйемелдеу қызметтерін жүргізеді.

 

 

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат