Кері

РФ Новосібір облысынан Қазақстанға 80 тонна пияз қайтарылды

17.04.2018 09:20


АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей ауыл шаруашылығын бақылау басқармасының инспекторлары бір аптаның ішінде Қазақстаннан Ресейге түйінді пиязды төрт рет заңсыз  алып өту әрекетінің ізін кесті. Ұсталған жүктің жалпы салмағы 80 тоннаны құрайды, деп хабарлады Новосібір облысы бойынша Ресей ауыл шаруашылығын бақылау басқармасынан.

Соңғы оқиға жексенбі күні болған. Қазақстан Республикасынан автокөлікпен Новосібір облысының аумағына әрі қарай Кросноярск қаласына тасымалдау үшін заңсыз 20 тонна түйінді пияз алып өтпек болған.

«Новосібір облысы бойынша Ресей ауыл шаруашылығын бақылау басқармасының инспекторлары «Қарасуық» фитосанитарлық бақылау бекетінде жүргізілген тексеру барысында өнім туралы ақпараттың, оның қай жерде өндірілгендігі, қаптамасында таңбаланудың болмағанын анықтады», - делінген басқарманың хабарламасында.

Карантиндік заңнаманың талаптарына сәйкес, Ресей аумағына фитосанитарлық қаупі жоғары өнімді тасымалдауға тыйым салынды. Жүк Қазақстанға кері қайтарылды. 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат