Кері

Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

14.06.2018 09:45

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, мұнайдың әлемдік бағасы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондонның ICE Futures биржасында тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,86 долларға көтеріліп, баррелі 76,74 долларға дейін көтерілді.

WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,28 долларға қымбаттап, баррелі 66,64 долларды құрады.

 

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат