Кері

Қазақстан мен Оман шенеуніктерді визадан босатуға келісті

14.06.2018 10:48

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оман Сұлтандығының астанасы Маскатта Қазақстан Республикасы мен аталмыш ел үкіметтері арасындағы дипломатиялық, арнайы және қызметтік паспорттар иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР сыртқы саясат ведомствосынан мәлім еткендей, құжатқа Қазақстанның Омандағы Елшісі Ержан Мұқаш пен Оман Сыртқы істер министрінің орынбасары Мухамед бин Юсуф бин Қасым Аз-Зарафи қол қойды.

Үкіметаралық келісімге қол қою - екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаны жүйелі кеңейтуге маңызды қадам болды.

Айта кетер жәйт, өткен жылы Оман Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан азаматтары АҚШ, Канада, Аустралия, Ұлыбритания, сондай-ақ Шенген келісімі елдерінің визалары немесе осы елдерде тұрақты тұруға рұқсаттары бар болған жағдайда, туристік визаларды веб-сайт арқылы (е-виза) жергілікті демеушісіз ала алатын 25 елдің тізіміне енгізілді. Бұл жағдай Қазақстан мен Оман арасында екіжақты туризм саласындағы қарым-қатынастарды нығайтуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

null

Өз кезегінде Оман Сұлтандығы Қазақстан визасын шақырусыз, жеңілдетілген тәртіп бойынша қысқа мерзімге ала алатын 48 мемлекеттің қатарына енеді.

 

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат