Кері

Атырауда ер адам 3 метрлік шұңқырға құлап кетті

10.08.2018 21:38

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 55 жастағы азамат үш метрлік шұңқырға құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 10.05-те Махамбет ауданының төтенше жағдайлар қызметінің пультіне Сарытоғай ауылындағы жеке тұрғын үйдің ауласында 55 жастағы азаматтың үш метрлік терең шұңқырға құлап түскені туралы хабарлама келген.

«Оқиға орнына құтқарушылар дереу жетті. Белгілі болғандай, шұңқырға  құлап кеткен 55 жастағы азамат І-топтағы мүгедек және оның көзі нашар көретін болған. Ол үйінің ауласында жүрген кезінде 3 метр тереңдікте қазылған құдыққа абайсызда құлап кеткен. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Ол қатты жарақаттанған, жағдайы ауыр», - дейді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Жанар Қаржаубаева. 

 

null

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат