Кері

Қазақстандық спортшы Ресейде өртенген автобустан 50-ге жуық жолаушыны құтқарды

10.08.2018 21:59


АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Ержан Әмірханов жанып жатқан автобустан 50-ге жуық жолаушыны құтқарды. Бұл туралы ҚазАқпарат Вести сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның жазуына қарағанда, Семейден Новосібірге кетіп бара жатқан автобуста өрт шыққан. Осы кезде автобуста отырған қазақстандық грек-рим күресінен жаттықтырушы Әмірханов автобус есігін бұзып ашып, жолаушыларды жанып жатқан автобустан шығарған. Құтқарғандардың ішінде балалар да болған.

Жолаушыларды құтқарып жүрген кезде Ержан Әмірхановтың құжаттары мен ақшасы өртеніп кеткен. Қазақстандық Ресейге көлік сатып алу үшін бара жатқан.

Миграция басқармасы қызметкерлері қазақстандық «батырға»  анықтама беріп, жеке құжатын қалпына келтіру үшін жедел көмек көрсеткен.

Тасымалдаушы фирманың директоры Әмірхановтың өтемақы алғанын және өздеріне шағым жасамағанын айтты.

Жолаушылар автобусында өрттің неден шыққаны белгісіз.

 

 

Бөлісу

Пікір қалдыру


ҚазАқпарат